Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/167-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 30 желтоқсанда № 2471 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 11/58-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 07.12.2016 № 11/58-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы 2000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б. Абуов
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Момынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады