Жаңабазар ауылы округі, Жаңабазар елді мекенінің Ә.Ақабаев, К.Исаев көшелері және Үлгілі, Жаңаталап елді мекенінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 44 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 қарашада № 2407 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы округі әкімінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы округі әкімінің 11.12.2014 № 102 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округі әкімінің 10.11.2014 № 83 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2013 жылғы 11 қазандағы № 1-09/311 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жаңабазар ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңабазар ауыл округі, Жаңабазар елді мекенінің Ә.Ақабаев, К.Исаев көшелері және Үлгілі, Жаңаталап елді мекендерінің тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығында бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Жаңабазар ауыл округі, Жаңабазар елді мекенінің Ә.Ақабаев, К.Исаев көшелері және Үлгілі, Жаңаталап елді мекендерінің аумағына шектеу iс-шаралары белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округі әкімінің 10.11.2014 № 83 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңабазар ауыл округі әкімінің орынбасары Д.Едиловке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Ауыл округінің әкімі                       А.Ташкулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады