Сабыр Рақымов ауылдық округі, Көкібел және Қызыл ата елді мекендерінің аумағына шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режим белгiлеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 12 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2013 жылғы 20 қарашада № 2413 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің 03.02.2014 № 3 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2013 жылғы 10 қазандағы № 1-09/310 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Сабыр Рақымов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сабыр Рақымов ауылдық округі, Көкібел және Қызыл ата елді мекендерінің тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығында бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Сабыр Рақымов ауылдық округі, Көкібел және Қызыл ата елді мекендерінің аумағына шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман - ветеринары Н.Бекбауовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі                    С.Макулбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады