Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 1659 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 05 тамыздағы № 3022 болып тіркелді. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 16.09.2013 № 147 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 43 ұсынысы негiзiнде, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ ауылында ұсақ мүйізді малдар арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлiгi ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысына (С.З. Қожекенов келісім бойынша), сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң Зайсан ауданы бойынша мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына (А. Комчибаева келісім бойынша) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Д. Тожыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Қараталов 

      Келісілді:

      «Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылық министрлiгi ветеринарлық
      бақылау және қадағалау комитетінің
      Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            С. Қожекенов

      2013 жылғы 28 маусым

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлiгi мемлекеттiк
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетiнiң Шығыс
      Қазақстан облысы бойынша
      департаментiнiң Зайсан ауданы
      бойынша мемлекеттiк санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            А. Комчибаева

      2013 жылғы 28 маусым
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады