Тарбағатай ауданының Маңырақ ауылдық округiнiң Балағазы учаскесіне шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 01 шілдедегі N 276 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 шілдеде N 3013 болып тіркелді. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қарашадағы N 397 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 11.11.2013 N 397 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 23 мамырдағы N 195 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тарбағатай ауданының Маңырақ ауылдық округiнiң Балағазы учаскесінде қой мен ешкі, ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимi белгiленсiн.
      2. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысына (Б. Қажыкенов), сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлiгiнiң мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң Тарбағатай ауданы бойынша басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысына (М. Сүлейменова) тиiстi iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзiме қалдырамын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Аудан әкiмiнің міндетін атқарушы           С. Жақаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы Министрлiгi
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетi Тарбағатай аудандық
      аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы            Б. Қажыкенов

      02 шілде 2013 жыл

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау Министрлiгiнiң мемлекеттiк
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетiнiң Шығыс Қазақстан
      облысы бойынша департаментiнiң
      Тарбағатай ауданы бойынша басқармасы»
      мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы            М. Сүлейменова

      02 шілде 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады