Көктерек ауылдық округінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 05 қарашадағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 03 желтоқсанда № 3108 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 19.11.2014 № 10 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялы инспекторының 2013 жылдың 06 маусым № 552 ұсынысы негізінде Көктерек ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Көктерек ауылдық округінде мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы М. Доскеевке осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Көктерек ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері М. Бейсенбаева сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Көктерек ауылдық округінің әкімі

Т. Қасенов

      Келісілді:


      Қазақстан Республикасы ауыл


      шаруашылық Министрлігі


      ветеринариялық бақылау және


      қадағалау комитетінің Үржар


      аудандық аумақтық инспекциясының


      мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық


      инспекторы

М. Доскеев

   

05 қараша 2013 жыл
 


   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады