Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 100 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 наурызда № 3199 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1122 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 29.11.2013 № 1122 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті "Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1672 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында аудан әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал селолық округінің аумағында ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті "Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Каналинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      атқарушы                         А. Сафималиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігінің
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитеті "Бөрлі
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бас
      мемлекеттік ветеринарлық-
      санитарлық инспекторы
      Каирмуханова Шолпан Амангельдиновна
      _____________ қолы
      22.02.2013 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады