Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов және Болашақ ауылдық округтерінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 91 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 сәуірде № 3263 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 04.01.2018 № 1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 108 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов және Болашақ ауылдық округтері аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы әкімдігінің 25.06.2014 № 225 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Ескерту. 2 тармақ алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы әкімдігінің 25.06.2014 № 225 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Құтхожинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Өтешев

      КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің
Казталов аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Ә. Малахов
01.04.2013 ж.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
Казталов ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Т. Хайдаров
01.04.2013 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады