Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз селолық округі әкімінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 қаңтарда № 3168 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз селолық округі әкімінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз селолық округі әкімінің 13.01.2014 № 1 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 166 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз селолық округінің аумағында ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмаз селолық округі әкімі аппаратының бас маманы - мал дәрігері М. Сисенбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алмаз селолық
      округінің әкімі                  С. Кенжегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады