Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық округі Тайбай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 маусымда № 4224 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округі әкімінің 21.09.2016 № 4 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 01-30-309 ұсынысы негізінде, Тайбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық округі Тайбай ауылының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап қүшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Тайбай ауылдық округінің әкімі      Ж.А.Жаншуаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады