Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бұлақ ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3870 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 30.10.2014 № 34 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 74 ұсынысының негізінде Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бұлақ ауылдық округінің Бесқопа қыстағындағы «Тамбай» шаруа қожалығы аумағында ірі мүйізді мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А.Темірбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады