Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Жаңаталап ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 мамырда № 3915 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының Жаңаталап ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының Жаңаталап ауылдық округінің әкімінің 03.11.2015 № 6 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 92 ұсынысының негізінде Жаңаталап ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңаталап ауылдық округінің Жаңаталап ауылы аумағында ірі мүйізді мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі С. Джумакулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады