Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай селолық округінің әкімінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 шілдеде № 3979 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 03.11.2016 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 24.02.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 11-3/272 ұсынысы негізінде Қаратоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округінің Қаратоғай елді мекенінде ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі Д. Боранқұл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады