Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 119 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 маусымда № 3951 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 88 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 04.04.2019 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18, 139 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 11.02.2016 № 25 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Жидехановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Е. Данағұлов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Тулемисов
2014 жыл

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 119 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері;

      3) мектеп директорлары;

      4) мектеп директорының оқу ісі жұмысы, тәрбие жұмысы, ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасарлары;

      5) алғашқы әскери дайындық жөніндегі оқытушы–ұйымдастырушы;

      6) педагог-психолог;

      7) әлеуметтік педагог;

      8) қосымша білім беру педагогы;

      9) әдіскер;

      10) кітапхана меңгерушісі, кітапханашы;

      11) аға тәлімгер, тәлімгер;

      12) аға тәрбиеші, тәрбиеші;

      13) өндірістің оқу шебері, шеберхананың меңгерушісі;

      14) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;

      15) медициналық бике;

      16) емдәмбике;

      17) хореограф;

      18) көркемдік жетекшісі;

      19) суретші;

      20) логопед;

      21) интернат меңгерушісі;

      22) мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі ағылшын және орыс тілі оқытушылары;

      23) музыкалық жетекші;

      24) ұйымның басшысы;

      25) мәдени ұйымдастырушы;

      26) суретші;

      27) аға кітапханашы, кітапханашы;

      28) әртіс;

      29) режиссер;

      30) редактор;

      31) әдістемеші;

      32) ұйымдастырушы;

      33) дирижер;

      34) әнші;

      35) библиограф;

      36) көркемдік жетекші;

      37) хореограф;

      38) аккомпаниатор;

      39) ветеринарлық дәрігер;

      40) ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады