"Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 27-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 32-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 мамырда № 2233 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 қазандағы № 18-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 18.10.2017 № 18-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 27-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2091 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қаңтарындағы № 3-4 "Шұғыла-Радуга" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының:

      7 тармағындағы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 50 000 (елу мың) теңге көлемінде" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылыс, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, ана мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихаты Жамбыл аудандық
      сессиясының төрағасы: мәслихат хатшысы:
      К. Елубаев Р. Бегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады