Тасөткел селолық округінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы Тасөткел селолық округі әкімінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 11 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 2470 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 411 ұсынысы негізінде, селолық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Уақ мал арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Тасөткел селолық округінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тасөткел селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Батырбай Сауранбаевич Жаксимбетовке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Б. Есбергенов

      Тасөткел селолық округі әкімінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 11 "Тасөткел селолық округінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне келісу парағы.
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы ішкі істер
      департаментінің Шу аудандық
      ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Е. Иманбаев
      18 желтоқсан 2014 жыл
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Шу аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      С. Таңсықов
      18 желтоқсан 2014 жыл
      "Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
      Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің Шу аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      М. Болотин
      18 желтоқсан 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады