Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 222 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 282 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 желтоқсанда № 2844 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 30.06.2015 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 222 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2600 болып тіркелген және 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 16(2103) «Шарайна» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      қағидалардың 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Қалалық
      мәслихат хатшысы

И. Бралин
 
Т. Хмилярчук

      КЕЛІСІЛДІ:
 
 

      «Сәтбаев қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Б. Әпеков

      2014 жылғы 7 қараша
 


Сәтбаев қалалық мәслихатының
2014 жылғы 7 қарашадағы
33 сессиясының № 282 шешіміне
қосымша


Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн
белгiлеудiң және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің
мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың қағидаларына
1 қосымша

      Отбасыны тiркеу нөмiрi _________
 

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

      _____________________________ ____________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
 

Р/с №
 

Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.

Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы

Туған жылы














      Өтiнiш берушiнiң қолы ____________________ Күні _____________
      Отбасының құрамы туралы
мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
      (қолы)
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады