Жаңаарқа аудандық мәслихатының 27 сессиясының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі XXXIV сессиясының № 34/227 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 қазанда № 2784 болып тіркелді.. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 3/30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 01.03.2021 № 3/30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 27 сессиясының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2587 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 17 (9611) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігі алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс


XXXIV сессиясының төрағасы

Ж. Абюров

Аудандық мәслихат хатшысы

М. Абдишев

КЕЛІСІЛДІ:


"Жаңаарқа ауданының жұмыспен


қамту және әлеуметтік бағдарламалар


бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

Ш. Ибраева


      10 қыркүйек 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады