Ұлытау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 19 "Ұлытау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 қыркүйектегі XXII сессиясының № 186 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 қазанда № 2792 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 19 "Ұлытау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-16-81 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 мамырдағы № 18 (5838) "Ұлытау өңірі" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген ереженің 18-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Ұ. Қожасова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Т. Сейтжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады