Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы" № 109/4 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 293/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 4025 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 5-тармағына, Павлодар облыстық Мәслихатының 2014 жылғы 11 шілдедегі «Облыстық мәслихаттың (V сайланған XXVI (кезектен тыс) сессиясы) 2013 жылғы 13 желтоқсандағы «2014 - 2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 198/26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 279/32 шешіміне сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысының әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы» № 109/4 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 тіркелді, 2014 жылғы 17 мамырда «Сарыарқа самалы», 2014 жылғы 29 сәуірде «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      «етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы» деген бөлімде:
      «15390» сандары «21107» сандарымен ауыстырылсын;
      «277020» сандары «379926» сандарымен ауыстырылсын;
      «70688» сандары «118000» сандарымен ауыстырылсын;
      «483» сандары «770» сандарымен ауыстырылсын;
      «74504,5» сандары «118654,5» сандарымен ауыстырылсын;
      «103» сандары «102» сандарымен ауыстырылсын;
      «20600» сандары «20400» сандарымен ауыстырылсын;
      «471» сандары «284» сандарымен ауыстырылсын;
      «33294» сандары «33512» сандарымен ауыстырылсын;
      «905905,5» сандары «1052979,5» сандарымен ауыстырылсын;
      «сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы» деген бөлімде:
      келесі мазмұнды жолмен толықтырылсын:

«

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу
Отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

19

2 926

»;
      «472314» сандары «475240» сандарымен ауыстырылсын;
      «шошқа шаруашылығы» деген бөлімде:
      «2193878» сандары «2707979,6» сандарымен ауыстырылсын;
      «215000» сандары «265382» сандарымен ауыстырылсын;
      «барлығы» деген бөлімде:
      «1862490» сандары «2062872» сандарымен ауыстырылсын.
      2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Қ. Бозымбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      министрінің м.а.                           С. Омаров
      2014 жылғы «10» қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады