Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобанов ауылдық округінің Әлжан ауылында ірі қара малға бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық Лобанов селолық округінің әкімді 2014 жылғы 30 маусымдағы N 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 шілдеде N 2881 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық Лобанов селолық округінің әкімі 2015 жылғы 9 қарашадағы N 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық Лобанов селолық округінің әкімі 9.11.2015 N 17 шешімімен.
      "Ветеренария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7-тармағына сәйкес, 2014 жылғы 12 маусымдағы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Айыртау аудандық аймақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобанов ауылдық округінің Әлжан ауылында ірі қара малға бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы" № 05-30/43 ұсынымы негізінде, эпизоотиялық ошақтарды жою және жануарлардың жұкпалы ауруы-ірі қара малдың бруцеллезінің таралуының алдын алу максатында, Лобанов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобанов ауылдық округінің Әлжан ауылында ірі қара малға бруцеллез бойынша шектеу шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Е. Жайықов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республиқасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық
      бақылау және қадағалау комитетінің
      Айыртау аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттіқ мекемесінің басшысы Б. Махметов
      "Қазақстан Республиқасы Денсаулық
      Сақтау Министірлігі Солтүстік Қазақстан облысы
      әкімдігінің Айыртау орталық аудандық ауруханасы"
      шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
      мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері С. Молдахметов
      "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау агенттігінің
      Солтүстік Қазақстан
      облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      депертаментінің Айыртау аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау басқармасы"
      республикалық мемлекеттіқ
      мекемесінің басшысы м.а. И. Лубинец
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау ауданың ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Е. Жанапин

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады