Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округі Кенащы ауылының аумағында ірі қара мал бруцеллезіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округінің әкімінің аппаратының 2014 жылғы 9 шілдедегі N 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 тамызда N 2891 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округі әкімінің 02.12.2015 N 2 шешімімен (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1-бабы 7) тармакшысына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының 2014 жылғы 11 маусымдағы № 06-10/55 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округі Кенащы ауылында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімінің
міндет атқарушысы
Б. Нажмиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады