Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 45 "2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 919 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 маусымда № 2692 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімі аппаратының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 3/15-900 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалаcы әкімі аппаратының 19.02.2015 № 3/15-900 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 45 «2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2530 тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпанда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «2014 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және олардың қаржыландырудың көздері» қосымшада:
      реттік нөмірі 9 жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

9.

«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

10

Ағымдағы құжаттардың жұмысына көмектесу – 25 мың құжат, курьерлік жұмыстар

Қалалық бюджет

»;

      реттік нөмірі 36 жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

36.

«ЖҚТБ-нен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қоры

30

Ағымдағы құжаттардың жұмысына көмектесу – 5 мың құжат

Қалалық бюджет

»;

      реттік нөмірі 42 жолы жаңа редакцияда жазылсын:

«

42.

«Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

6

Ағымдағы құжаттардың жұмысына көмектесу – 10 мың құжат, курьерлік жұмыстар

Қалалық бюджет

»;

      реттік нөмірі 43 жолы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /Ж.Ш.Байғонов/ жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.М.Нарымбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкімі                                 Д.Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады