2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 35 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 ақпанда № 2528 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 487 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 20.02.2015 № 487 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 15.09.2014 № 478 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледі).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Сапарбаев

Ордабасы ауданы әкімдігінің
2014 жыл «27» қаңтардағы
№ 35 қаулысымен бекітілген

2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері

Р/с

Ұйымдардың атауы

Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері

1

«Ордабасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі


4

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу – 150 бет, мәтіндерді басу және шығару – 150 бет, хаттарды жеткізу – 100 хат.

Аудандық бюджет

2

«Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

15

Әлеуметтiк жәрдемақыларға құжаттарды рәсiмдеуге көмектесу -1400 іс, мұрағат құжаттарын өндеуге көмектесу – 550 іс, құжаттарды тiгу – 1000 іс

Аудандық бюджет

3

«Ордабасы ауданы әкімдігінің «Темірлан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

84

Көшелердi және аумақтарды қоқыстардан тазалау, автокөлікке арту – 144000 шаршы метр.

Аудандық бюджет

4

«Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

200

Елді мекендерде қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу – 59 елді мекен

Аудандық бюджет

5

«Қажымұхан ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

30

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 100 бет, факс жіберу – 110 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет, хаттарды жеткізу – 250 хат.

Аудандық бюджет

6

«Бадам ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

25

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр

Аудандық бюджет



7

«Қараспан ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

30

14 елді мекен аймақтарын көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр

Аудандық бюджет

8

«Төрткөл ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

24

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр

Аудандық бюджет

9

«Шұбарсу ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

40

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр

Аудандық бюджет



10

«Бөржар ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

24

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 35000 шаршы метр

Аудандық бюджет

11

«Шұбар ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

24

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 35000 шаршы метр

Аудандық бюджет

12

«Қарақұм ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

16

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 30000 шаршы метр

Аудандық бюджет

13

«Жеңіс ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

16

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 30000 шаршы метр

Аудандық бюджет

14

«Бөген ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

16

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 30000 шаршы метр

Аудандық бюджет

15

«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бiрлестiгiнің Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық филиалы

2

Құжаттарды дайындауға көмектесу – 300 іс, азаматтардан түскен арыз және үндеулер бойынша курьерлiк жұмыс жасау – 200 хат

Аудандық бюджет


Барлығы

550



      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады