Бірлік ауылдық округі Жаңатіршілік ауылының Х.Көбеев көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 5 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 мамырда № 2652 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 10 шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 03.07.2014 № 10 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2014 жылғы 10 ақпанындағы № 02-17/59 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бірлік ауылдық округі Жаңатіршілік ауылының Х.Көбеев көшесінде тұратын азамат М.Мамыровтың иті құтырық ауруымен ауруына байланысты Х.Көбеев көшесінің шығысында Шапағат көшесімен, батысында Ақорда және Жаңағасыр көшелерімен қиылысқан жеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бірлік ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Бурихановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бірлік ауылдық округінің әкімі             О.Аристанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады