Біржан ауылдық округіндегі Қуаныш ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 31 қазандағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 желтоқсанда N 3573 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 30.11.2015 № 2 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде Біржан ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Біржан ауылдық округіндегі Қуаныш ауылында мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы С.Қожекеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалтырамын.
      4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Біржан ауылдық
      округінің әкімі С.Молдашев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зайсан ауданының бас мемлекеттік
      ветеринариялық-санитарлық
      инспекторы С.Қожекенов

      1 қараша 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады