Ұлан ауданының Тарғын ауылдық округінің Тарғын ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тарғын ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 маусымда № 3379 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тарғын ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тарғын ауылдық округі әкімінің 19.02.2016 № 3 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ұлан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 117 ұсынысы негізінде, Тарғын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ұлан ауданының Тарғын ауылдық округінің Тарғын ауылында мүйізді ұсақ малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Тарғын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – мал дәрігері С. Егизбаевқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Тарғын ауылдық округінің әкімі Н. Актанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады