Сырым ауданы Жосалы ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі № 3 "Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Қоңыр, Тамды елді-мекендері аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жосалы ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 3553 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жосалы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жосалы ауылдық округі әкімінің 28.02.2020 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жосалы ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі № 3 "Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Қоңыр, Тамды елді-мекендері аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3270 тіркелген, 2013 жылғы 20 маусымдағы "Сырым елі" газетіне жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Қоңыр, Тамды елді-мекендері аумағында шектеу iс-шараларын белгілеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Қоңыр, Тамды елді-мекендері аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі К. Габдешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады