Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 сәуіріндегі № С-39/6 "Еңбекшілдер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № С-40/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 тамызда № 4928 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № С-12/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 27.04.2017 № С-12/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Еңбекшілдер аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 сәуіріндегі № С-39/6 "Еңбекшілдер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне келесідей өзгерту енгізілсін:

      шешімнің қосымшасының 2 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы бөлімі немесе www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұрғын-үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүгінеді.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Д.Езов
      Аудандық мәслихат
хатшысының міндетін
атқарушы
И.Магерко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Еңбекшілдер ауданының әкімі А.Қиықов

      "13" шілде 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады