Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 38-249 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 28 мамырда № 3182 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 46-273 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 08.04.2020 № 46-273 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Текелі қаласының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Әлеуметтік мәселелер бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Абдалиев Ерлан Жеңісбайұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурстарда және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г. Ибраимова
      Мәслихат хатшысы Н. Калиновский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады