Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 5-54-363 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 20 қазанда № 3490 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 6-65-378 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 27.12.2019 № 6-65-378 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. "Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Жақыбай Азат Жапарұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат және жастар ісі, спорт мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы М. Оңласынов
      Панфилов аудандық
      мәслихатының хатшысы Т. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады