Қой және ешкі малдары арасында анаэробты энтеротоксемия ауруы тіркелген Төлеби, Балуан Шолақ ауылдық, Бірлікүстем селолық округтеріне шектеу режимін қою туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 264 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 2700 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 239 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 239 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 197 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қой және ешкі малдары арасында анаэробты энтеротоксемия ауруы тіркелген Төлеби, Балуан Шолақ ауылдық, Бірлікүстем селолық округтеріне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аудан әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы Б. Қайранов, шектеу режимі аумағында тиісті іс-шаралар атқарылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балқыбековке жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Дәулет

      "Қой және ешкі малдары арасында анаэробты энтеротоксемия ауруы тіркелген Төле би, Балуан Шолақ ауылдық, Бірлікүстем селолық округтеріне шектеу режимін қою туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдегі № 264 қаулысына келісім парағы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы Ішкі істер
      департаментінің Шу аудандық
      Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      Е.Б. Иманбаев
      15.07.2015 жыл
       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Шу аудандық
      аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      С.Т. Таңсықов
      15.07.2015 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау агенттігінің
      Жамбыл облысы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      "Шу ауданы бойынша тұтынушылар
      құқығын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      М.А. Болотин
      15.07.2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады