Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 17/01 "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 04/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 ақпанда № 2996 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 17/01 "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2750 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте "Тоқырауын тынысы" газетінің № 40 (7460) санында жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде 15 тармағы келесі мазмұндағы 8-1), 8-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "8-1) нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу;";
      "8-2) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Н.И. Омарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады