Үштөбе ауылдық округіндегі "Мереке" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 47/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 3571 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 32/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 27.09.2016 № 32/01 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және 2015 жылғы 19 қарашадағы № 06-3-02-33/796 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, Үштөбе ауылдық округіндегі "Мереке" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары өткізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н. Кобжанов

      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Бұқар жырау
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекеменің басшысы
_____________ Е. Садиров

      2015 жылғы 3 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады