Бюджеттік инвестициялардың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 88 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 5099 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 680 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 09.01.2017 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы:
      1) облыстық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің, сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын облыстық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;
      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы облыстық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын;
      3) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң экономикалық сараптамасын облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға заңды тұлға ретінде айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Н. Әлібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады