Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 мамырда № 5628 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округі әкімінің 22.06.2015 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Амангелді ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 22 мамырдағы №05-031 ұсынысы негізінде Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округінің аумағында әртүрлі түліктерге ортақ ауру пастереллездің пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі

                                                 Ғ. Жақыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады