Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 335 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 шілдеде № 5724 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 206 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 206 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 - бабының 1 тармағына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 387-бабының 1-тармағында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 01.04.2016 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2016 бастап туындаған қатынастарға таратылады).

      2. Мәслихаттың 2011 жылғы 9 ақпандағы № 428 "Жер салығының базалық ставкаларын 50 % көтеру туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-190 тіркелген, 2011 жылғы 17 наурызда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы Р. Байменов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Федоров ауданы бойынша
      мемлекеттік кіріс басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ А. Зұлқарнаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады