Мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 335 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 13 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 мамырда № 6325 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 206 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 206 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 387-бабының 1-тармағына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 335 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5724 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 387-бабының 1-тармағында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессия төрайымы Е. Жданова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов

      "Қазақстан Республикасы

      Қаржы Министрлігінің мемлекеттік

      кірістер комитеті Қостанай облысы

      бойынша мемлекеттік кірістер

      Департаментінің Федоров ауданы

      бойынша мемлекеттік кірістер

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      ______________ Д. Жүніс

      1 сәуірдегі 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады