Май ауданының Май селолық округінде шектеу шараларын енгізумен байланысты ветеринарлық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май ауданы Май селолық округі әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте № 4700 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Май селолық округі әкімінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 3 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Май селолық округі әкімінің 15.03.2017 № 3 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі “Ветеринария туралы” Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Май аудандық аумақтық инспекциясының ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік бас инспекторының ұсынымы негізінде, Май селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Май ауданының Май селолық округінде ірі-қара мал бруцеллезінің анықталуына байланысты, шектеу шараларымен бірге ветеринарлық режим тағайындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Селолық округ әкімі Қ. Оразаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      Ауыл шаруашылық министрлігінің
      ветеринарлық бақылау және қадағалау
      Комитетінің Май аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысының
      міндетін атқарушы Н. Карманов
      "14" тамыз 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады