Шектеу іс-шараларын тоқтату және Май селолық округі әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы "Май ауданының Май селолық округінде шектеу шараларын енгізумен байланысты ветеринарлық режимді белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы Май селолық округі әкімінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 наурызда № 5416 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Май ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 3 ұсыныcы негізінде, Май ауданы Май селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май ауданы Май селолық округі аумағында ірі-қара мал бруцеллезі ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Май селолық округі әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы "Май ауданының Май селолық округінде шектеу шараларын енгізумен байланысты ветеринарлық режимді белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте № 4700 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінде 2015 жылғы 8 тамызда № 32 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округ әкімі Қ. Оразаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылық
      министрлігінің ветеринарлық
      бақылау және
      қадағалау Комитетінің
      Май аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Н.З. Жұмабаев
      2017 жылғы "15" наурыз
      "Май ауданының
      ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Е.А. Ахметов
      2017 жылғы "15" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады