Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 ақпанда N 3610 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабы 2) тармақшасына және 116-бабы 2-тармағына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар белгіленсін:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
Солтүстік Қазақстан су
ресурстарын кешенді пайдалану
аумақтық бөлімінің басшысы
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
А. Қожанов
      "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
М. Жексембин

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 05.04.2017 № 134 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2021 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 04.05.2022 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен; 16.03.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен; 14.06.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.11.2023 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Су айдынының атауы

Орналасқан жері (аудан, ауылдық округ, елді мекен)

Су айнасы ның ауданы (гектар)/ұзын дығы (кило метр)

Су қорғау аймағының ені (метр)

Су қорғау белдеуінің ені (метр)

1

2

3

4

5

6

Өзендер

1

Есіл өзені

Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Есіл, Қызылжар

690

1000

100

2

Ақанбұрлық өзені

Ғабит Мүсірепов атындағы, Айыртау

222,36

500

100

3

Иманбұрлық өзені

Шал ақын, Айыртау

177

500

100

4

Жембарақ өзені

Ғабит Мүсірепов атындағы

37,29

500

35-100

5

Мұқыр өзені

Ғабит Мүсірепов атындағы

19,7

500

35-38

6

53°31’46.09” солтүстік ендіктен, 67°4’12.03” шығыс бойлықтан 53°31’33.39” солтүстік ендікке, 67°3’46.77” шығыс бойлыққа дейінгі географиялық координат тұстамасындағы Шудасай өзенінің учаскесі

Шал ақын, Юбилейный, Ұзынжар

0,75

500

75

7

Аралтөбе өзені

Айыртау

32,765

500

35-55

8

Қамсақты өзені

Айыртау, Есіл

107,353

500

35-55

9

Құланайғыр өзені (КСТ-62 "Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл 17-209 километр" облыстық маңызы бар автомобиль жолының 159 километріндегі көпірді күрделі жөндеу учаскесі)

Ғабит Мүсірепов атындағы, Чистопол, Ялты

0,4

500

35

10

"Дәуіт-1" кен орнының тау-кен телімі географиялық координат тұстамасындағы Шат өзенінің учаскесі

Ақжар, Ленинград, Ленинградское

0,91

500

75

Көлдер

Айыртау ауданы

11

Жетікөл көлінің учаскесі ("Агро-Елецкое" ЖШС суармалау жүйесі шегінде)

Елецкий

4,857

500

35

Ақжар ауданы

12

Қомбайсор

Ленинград, Дәуіт

687

500

50

Аққайың ауданы

13

Кіші Тоқшын

Тоқшын, Тоқшын

33

300

50

14

Шағалалытеңіз

Қиялы

7800

500

50

15

Базарал

Аралағаш, Аралағаш

577

500

50

16

Байсал

Аралағаш, Амангелді

128

300

50

17

Ақсуат

Аралағаш, Рублевка

303

300

50

18

Круглое

Аралағаш, Рублевка

93

300

50

19

Кіші Балықты

Смирнов

235

500

50

20

Жалтыр

Григорьев, Григорьевка

269

500

50

21

Құндыкөл

Полтав, Полтавка

68

300

50

Есіл ауданы

22

Полоустное (Полонское)

Петров, Покров, Петровка

33

300

50

Жамбыл ауданы

23

Екатериновское

Қазан, Екатериновка

471

500

50

24

Питное

Преснов (Железнин)

108

300

50

25

Курганское

Қазан, Усердное

162

300

50

26

Кабань

Первомай, Кабань

79

300

50

27

Суаткөл

Жамбыл, Амангелді

68

300

50

28

Мұжық

Озерный

65

300

50

29

Жалтырша

Майбалық

24

300

50

30

Далагүл

Благовещен, Майбалық

46

300

50

31

Питное

Преснов, Островка

350

500

50

32

Жекекөл

Благовещен, Благовещенка

99

300

50

33

Жарағаш

Благовещен, Благовещенка

87

300

50

34

Лапушки

Преснов (Железнин)

22

300

50

35

Купальное

Преснов (Железнин)

34

300

50

36

Лагерное

Преснов, Пресновка

182

300

50

37

Шырықмай

Майбалық

31

300

50

38

Ақбалық

Озерный

77

300

50

39

Горькое

Қазан, Мирный, Екатериновка

526

500

50-55

Қызылжар ауданы

40

Логунов

Соколов, Соколовка

45

300

50

41

Сергин

Налобин, Виноградов

135

300

50

42

Дубровное

Налобин, Дубровное

127

300

50

43

Гайдуков

Налобин, Гайдуков

149

300

50

44

Жалтыр

Рассвет, Рассвет

176

300

50

45

Лебеденок

Налобин

338

500

50

46

Сиверга

Налобин

291

500

50

47

Соленое

Лесной, Якорь

287

500

50-75

48

Пестрое

Петропавл, Прибрежный, Тепличное

137

300

35-50

49

Лебяжье

Вагулин, Вагулин

523

500

50

50

Бугровое

Бугров, Бугровое

68

300

50

51

Земляное

Бугров, Бугровое

47

300

50-55

52

Курейное

Налобин, Гайдуков

150

300

50

Мамлют ауданы

53

Белое

Белов, Белое

349

500

100

54

Щучье

Белов, Щучье

75

300

50

55

Студеное

Белов

41

300

50

56

Степное

Белов

23

300

50

57

Казачье

Дубровин, Михайловка

94

300

50

58

Пруд

Краснознамен, Беловка

51

300

50

59

Кривые

Дубровин, Дубровное

111

300

50

60

Каменное

Белов, Белое

235

500

100

61

Чистое

Белов, Чистое

138

300

50

62

Меңгесер

Қызыләскер, Новомихайловка

3685

500

100

63

Бесқамыс

Краснознамен, Калугин

43

300

50

64

Федосейкин

Воскресенов, Воскресеновка

45

300

50-55

65

Жаргин (Жагрин)

Белов, Белое

108

300

50

66

Каменное

Белов, Мамлютка

62

300

50

67

Таловое (Талое)

Пригород, Покровка

65

300

50

68

Беленок

Белов, Белое

54

300

50

69

Уделов

Белов

48

300

50

70

Уделенок

Белов

44

300

50

71

Краснознамен

Краснознамен, Краснознаменское

43

300

50

72

Прудок

Краснознамен, Калугин

40

300

50

73

Тетеркин

Белов

27

300

50

74

Куропаткин

Белов

23

300

50

75

Үлкен Черок

Дубровин, Михайловка

178

300

50

76

Желтое

Воскресенов, Становое

70

300

50-75

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

77

Ұлыкөл

Бірлік, Рузаевка

2198

500

50

78

Шарық су қоймасы

Андреевка, Көгалажар, Андреевка

243

500

100

Мағжан Жұмабаев ауданы

79

Бірінші

Лебяжье, Лебяжье

23

300

50

80

Екінші

Лебяжье, Лебяжье

20

300

50

81

Зарослое

Аққайың (Гаврин), Зарослое

152

300

50

82

Рявкин

Бәйтерек (Фурманов), Рявкин

281

500

50

83

Питное

Полудин, Полудин

872

500

50

Тимирязев ауданы

84

Ақсуат

Дзержинск, Москворецк, Москворецкое

1607

500

50

85

Жарқын

Дмитриев, Дмитриевка

467

500

50

86

Дмитриевка

Дмитриев, Дмитриевка

26

300

50

Уәлиханов ауданы

87

Жамантұз

Қайрат

2980

500

100

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы су объктілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 28.12.2018 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; 16.03.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстарды салмай, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға, осы тармақшаның ережелері су қорғау белдеулері шекараларының шегінде 2009 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғызылған ғимараттар мен үймереттердің пайдаланылуына қолданылмайды, бұл ретте ұйымдастырылған орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге де жүйесі немесе ішіндегі заттарды әкетуді қамтамасыз ететін су өтпейтін науалар болған кезде ғана оларды пайдалануға жол беріледі;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады