Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 25 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 249 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте N 3390 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы N 169 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 28.06.2016 N 169 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 25 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 ақпандағы № 3117 болып тіркелген, 2015 жылғы 03 наурыздағы аудандық "Мағжан жұлдызы" № 10 газетінде, 2015 жылғы 03 наурыздағы аудандық "Вести" № 10 газетінде жарияланды) қаулысына (бұдан әрі - қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ереженің 20-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "20. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Р.Н.Смағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
әкімі
А. Бегманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады