Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 1006 "Атырау қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 2316 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 3413 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 510 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 18.04.2016 № 510 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 1006 "Атырау қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-166 болып тіркелген, облыстық "Атырау" газетінде 2012 жылы 5 шілдеде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
      Қаулының 1-тармағының 1)-тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "1) орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г. Шәкіроваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Ожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады