Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-3 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жылыой ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 35-13 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 3426 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 29.02.2016 № 37-2 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-3 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жылыой ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 желтоқсандағы "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      "базалық" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, аграрлық заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Сүлейменов) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
XXXV сессиясының төрағасы
Б. Абдрахманов
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады