"Кентау қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Кентау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 150 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 227 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 сәуірде № 3140 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 маусымдағы № 22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 28.06.2016 № 22 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы шығыс № 2-26-3/613 санды хатына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кентау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 150 "Кентау қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2585 тіркелген, 2014 жылғы 12 сәуірде "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Кентау қалалық мәслихатының регламентінде:
       7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны қалалық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы С.Айтөреев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы К.Сырлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады