Қарамұрт ауыл округі Қарамұрт ауылының Ш.Мирзалиев көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауыл округі әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 12 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 сәуірде № 3151 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауыл округі әкімінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 94 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауыл округі әкімінің 26.06.2015 № 94 шешімімен.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 01-04/69 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарамұрт ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарамұрт ауыл округі Қарамұрт ауылының Ш.Мирзалиев көшесінде тұратын азамат У.Хамутовтың иті құтыру ауруымен ауруына байланысты Қарамұрт ауылының Ш.Мирзалиев көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарамұрт ауылдық
      округінің әкімі А.Мамадабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады