Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәүірдегі № 24-253/V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 31-354/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 сәуірде № 3837 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 қыркүйекте № 124-18 болып тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 20.09.2023 № 5-113/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1.Үржар аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәүіріндегі № 24-253/V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3325 нөмірімен тіркелген, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2014 жылдың 05 маусымында 68-69 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
       9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "9.Әлеуметтік көмек, өкпе ауруына қарсы диспансердің тізіміне сәйкес, әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдарға кірісін есепке алмай, тоқсан сайын 27 000 теңге көлемінде көрсетіледі.
      Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
      Әлеуметтік көмектін шекті мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсетікішті құрайды.";
       10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бірреттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні интернационалист –жауынгерлерді еске алу күні-15 ақпан:
      - басқа мемлекеттердің аумақтарында ұрыс қимылдарға қатысушыларға- 71 550 тенге;
      -Ауғанстанда немесе әскери іс-қимылдар жүргізілген басқа мемлекеттерде қызмет атқару кезінде жаралану, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болып қаза тапқан (хабарсыз кеткен) әскерилер жанұяларына – 60 000 теңге;
      2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:
      - "Алтын алқа" алқасымен, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналарға-10 000 теңге;
      - "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға- 10 000 теңге;
      - төрт және одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға -10 000 теңге;
      3) Халықаралық радиациалық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні -26 сәуір:
      -1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай ақ азаматтың немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқада радиациялық апаттар мен аварияладың зардаптарын жоюға қатысқа сондай ақ ядролық сынақтармен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға -60 000 теңге;
      4) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі-1 мамыр:
      – мүгедек балаларға -10 000 теңге;
      5) Жеңіс күні – 9 мамыр:
      -Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына -160 000 теңге;
      -қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 130 000 тенге;
      - Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы Армия құрамына кірген әскери бөлімдерде штабтарда мекемелерде штаттық қызмет атқарған кеңес армиясының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамының адамдары не тиісті кезеңдерде қорғанысына қатысуы майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шартттары мен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдарға – 70 000 теңге;
      - Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандарға - 70 000 теңге;
      - екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар – 70 000 тенге;
      - қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға - 30 000 теңге;
      - екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары – 30 000 теңге;
      - Ұлы Отан соғысы жылдары қайта некеде болмаған, қаза тапқан әскерилер (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жесірлеріне - 30 000 теңге;
      - соғыста қаза болған мүгедектер жұбайларына - 25 000 теңге;
      - Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы мінсіз әскери қызметі мен жанқиярлық еңбегі үшін бұрынғы КСР Одағы медалімен және орденімен марапатталғандарға – 25 000 тенге;
      - Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес уақыт жұмыс істеген (әскерде болған) адамдарға – 5 000 тенге;
      - жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар – 24 000 тенге.".
      2.Осы шешім олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М.Арсанукаев
      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы М.Бітімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады