Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 9 ақпанда № 3810 болып тіркелді. Күшi жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 3 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің 12.03.2015 № 3 шешiмiмен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 34 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі аумағында мүйізді ірі қара мал арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алғабас ауылдық округі әкімі Е. Есбулсинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады