Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің Жантемір елді мекені аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 тамызда № 4007 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі әкімінің 18.07.2018 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 302 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің Жантемір елді мекені аумағына ұсақ малдар арасында жұқпалы эпидидимит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Алмалы ауылдық округі әкімі апаратының жетекші маманы (А. О. Сундетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Алмалы ауылдық округі әкімі А. Елеусинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады