Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі Жантемір елді мекені аумағына шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 шілдеде № 5291 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық –санитариялық инспекторының 2018 жылғы 27 маусымдағы №531 ұсынысы негізінде, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі Жантемір елді мекені аумағына ұсақ малдардың арасында жұқпалы эпидидимит ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 24 тамыздағы №11 "Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі Жантемір елді мекені аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4007 тіркелген, 2015 жылғы 2 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Шарафиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алмалы ауылдық округі әкімі Ж.Ахмет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады